ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІ АППАРАТЫНЫҢ ӨҢІРЛІК ИНСПЕКТОРЫНЫҢ ЖҰМЫС САПАРЫ

2024 жылғы 28 тамызда «OtarBioPharm» ЖШС биофармацевтикалық зауытына Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының өңірлік инспекторы Ергельды Касанбаевич Сарсенбаев Қордай ауданының әкімі және әкімдіктің лауазымды тұлғаларымен бірге жұмыс сапарымен келді.

Жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының өңірлік инспекторының назарына «OtarBioPharm» бас директоры З. Ершебулов биофармацевтикалық зауыт тарихы, қызметі, жетістіктері мен құрылысқа қатысты мәселелерін, сонымен қатар Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының уәкілетті тұлғасы А. Керимбаев институт қызметі туралы жеткізді.

   

ТИІСТІ ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКА ЕРЕЖЕЛЕРІНІҢ (GMP)ТАЛАПТАРЫНА СӘЙКЕСТІГІ РАСТАЛДЫ

Бүгін Серіктестік биофармацевтикалық зауытта жасалған шарттардың тиісті өндірістік практика стандартының (GMP) талаптарына сәйкестігін кезекті мәрте растады – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Еуразиялық Экономикалық Одақтың тиісті өндірістік практика қағидаларының талаптарына дәрілік заттар өндірісінің сәйкестігі туралы №GMP/EAEU/KZ/129-08-2024 сертификатын берді.