АУСЫЛҒА ҚАРСЫ ВАКЦИНА ӨНДІРІСІ БАСТАЛДЫ
2024 жылғы 18 қарашада «OtarBioPharm» ЖШС биофармацевтикалық зауытында технология трансфері шеңберінде ірі қара мал, ұсақ мал, шошқа аусылына қарсы вакцина өндірісі басталды.
Вакцина өндірісінің тиісті өндірістік практика стандартына (GMP) сәйкестігін бағалау мақсатында биофармацевтикалық зауытқа келген Boehringer Ingelheim Animal Health, Франция компаниясының шетелдік технологтары жұмыстарды ұйымдастырылуын, оның ішінде қабылдауды, біріктіруді, құюды, бастапқы қаптамалауды, қайталама қаптамалауды және қоймаға карантиндік сақтауға беруді жоғары бағалады және өндіріске қатысты ойларын жеткізді.
Карантиндік сақтау кезеңінен кейін вакцина Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің арнайы қоймаларына жеткізіліп, 2025 жылы көктемде аусыл ауруының алдын алу мақсатында ірі қара, ұсақ мал және шошқаны вакцинациялау үшін еліміздің өңірлеріне беріледі.