2 апреля, 2024

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАМАРА ДҮЙСЕНОВАНЫҢ ЖҰМЫС САПАРЫ

2024 жылғы 29 наурызда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова Қордай ауданы Гвардейский кентіне жұмыс сапарымен келді. Сапарында Премьер-министрдің орынбасарымен бірге Қазақстан Республикасының Президентінің Ғылым және инновация мәселелері жөніндегі кеңесшісі Закарья Күнсұлу Дальтонқызы, ҚР ҚК Қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бөлімінің меңгерушісі Оразгулов Р.К., ҚР ПӘ Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісінің орынбасары Биекенов Н.А., ҚР ДСМ вице-министрі Буркитбаев Ж.К., ҚР АШМ вице-министрі Бердалин А.Б., ҚР ІІМ Күзет қызметін бақылау департаментінің басшысы Молдаханов Д.М., Жамбыл облысының әкімінің бірінші орынбасары Календеров Н.С., «QazBioPharm» ҰХ» АҚ-ның бас директоры Абдураимов Е.О., ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі Асылова Б.А. және т.б. бірге келді.

Сапар барысында делегация «OtarBioPharm» ЖШС биофармацевтикалық зауытымен, оның биологиялық субстанциялар шығаратын цехын көріп, танысты. Сапар құс тұмауына қарсы вакцина құйылған күні өтті және делегация өндіріс процессін көре алды.

Сапар соңында Тамара Дуйсенова жұмыс сапарға қатысқан органдар мен ұйымдардың өкілдеріне жиналыс өткізіп, тиісті тапсырмалар берді.