15 АҚПАН – КЕҢЕС ӘСКЕРЛЕРІНІҢ АУҒАНСТАННАН ШЫҒАРЫЛҒАНЫНА 36 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ВОЛЕЙБОЛ ТУРНИРІ
А.ж. 12 ақпанда Отар ауылдық округінің әкімдігі «15 ақпан – Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 36 жыл» толуына орай волейболдан ашық турнир ұйымдастырды.
Ашық турнир мақсаты – Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын орындау, бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау және «Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күнін» мадақтау болды.
Турнирге қатысқан Серіктестіктің командасына үздік ойын көрсеткені үшін Қордай ауданының «Ауған соғысы ардагерлері одағы» қоғамдық бірлестігінен Алғыс хат табысталды, ал, команданың ойыншысы Бекқожа Асхат үздік ойыншы атанып, Алғыс хатпен марапатталды.