КЕЛІСІМШАРТТЫҚ ӨНДІРІС
«OtarBioPharm» ЖШС фармацевтикалық өнімдердің келісімшарттық өндірісі саласында қызмет көрсете алады және өзара тиімді сенімді қарым-қатынастар мен тұрақты стратегиялық әріптестікті ұсынады.
Кәсіпорын 2R 4R форматты құтыларға (флакондарға), сондай-ақ 100 мл құтыларға балк-өнімді құю бойынша қызметтер ұсынады. Ампулаларды жуу және стерильдеу, препараттарды құтыларға мөлшерлеп құю, оларды тығындау және «Флип-Офф» типті қалпақшалармен (яғни бастапқы қаптама) жабу автоматты түрде арнайы өндірістік желіде, таза жайларда жүзеге асырылады. Құрғақ препаратты шығару қажет болған жағдайда – желіде лиофилизациялау машинасы орнатылған.
Құтылардың саңылаусыздығы (герметика) және препараттардың басқа да физикалық параметрлерін тексеру автоматтандырылған режимде заманауи жоғары технологиялық тексеру машиналарында жүргізіледі.
Сондай-ақ, біздің зауытта құтыларға затбелгі жапсыру, оларды таңбалау және қайталама буып-түю процестері автоматтандырылған.
Дайын өнімді аралық сақтау және сақтау +2+8°С температурада өзіндік климаттық камераларында жүзеге асырылады. Дайын өнім қоймасының сыйымдылығы 90-нан астам паллета-орынды құрайды.
Заңдылық, адалдық, кәсіпқойлық қағидаттарын сақтау – қазақстандық және шетелдік фармацевтикалық компаниялармен жемісті және өзара тиімді ынтымақтастық үшін негіз болып табылады.
Компанияның тұрақты және табысты дамуы біздің стратегиялық басымдықтарымызды – шығарылатын және әзірленетін дәрілік заттардың сапасы, тиімділігі және қауіпсіздігі басымдығын іске асырумен айқындалады.