Мемлекет басшысы Otarbiopharm иммунобиологиялық препараттар биофармацевтикалық зауытында болды
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жамбыл облысына жұмыс сапары Қордай ауданының Гвардейск кентінде орналасқан биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты жанындағы QazVac вакциналарын шығаратын биофармацевтикалық зауыттың қызметімен танысудан басталды.
Президентке вакциналар өндірісінің технологиялық желісі, зертханалық жабдықтар мен жылжымалы реакторлар көрсетілді.Институттың бас директоры Күнсұлу Закария биологиялық қауіпсіздік проблемалары ҒЗИ-ін одан әрі дамыту жоспарлары туралы баяндады.
Зауыт тиісті өндірістік практиканың халықаралық стандарты (GMP) бойынша иммундық-биологиялық дәрілік препараттарды, оның ішінде коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаны, тұмауға, туберкулезге, бруцеллезге, нодулярлық дерматитке және басқа да инфекциялық ауруларға қарсы вакцинаны шығаратын болады.Жыл сайын биофармацевтикалық препараттардың 30-60 миллион дозасын өндіру жоспарлануда. Жобаның жалпы құны-15,6 миллиард теңге.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа 16 қыркүйекте 100 мың доза көлемінде өнеркәсіптік құю іске қосылғанын айтты.ТМД елдерінің ішінде тек Қазақстан мен Ресей ғана Covid-19-ға қарсы вакциналар өндірісін жолға қойды.Зауыт қызметкерлерімен әңгіме барысында Қазақстан Президенті жобаның маңыздылығын атап өтіп, отандық вакцинаның коронавируспен күреске және халықтың денсаулығын нығайтуға елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.