
2025 жылғы 26 маусымда зауыттың инфрақұрылымымен және өндірістік қуатымен танысу, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылау мақсатында «OtarBioPharm» ЖШС биофармацевтикалық зауытына Sanofi франциялық трансұлттық фармацевтикалық компаниясының өңірлік өкілі Анохин Александр Сергеевич келді.

2025 жылғы 23 маусымда «OtarBioPharm» ЖШС биофармацевтикалық зауытына ынтымақтастық мүмкіндігін қарастыру үшін биофармацевтикалық зауытты қарау мақсатында Shanghai United cell Biotech (ҚХР) – жоғары сапалы инновациялық және генерикалық биологиялық препараттар өндірісінің барлық циклін: зерттеу мен әзірлеуден бастап өндіріске дейін біріктіретін халықаралық биофармацевтикалық компаниясының негізін қалаушы Фрэнк Ву және компанияның басқа да мамандары, сондай-ақ Қазақстан мен Орталық Азия нарықтарындағы шетелдік компаниялар үшін консалтингілік қызметтер көрсететін NN INVEST (ҚР) компаниясының өкілдері келді.

2025 жылғы 20 маусымда зауыт қызметімен танысу және ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылау мақсатында Моңғолиялық компаниялар өкілдері – «GDP VetLand» директоры Доржбат Уугунбаяр, «Tenuunkhishig» директоры Ганджуур Хишигжаргал және Моңғолияның бас ветеринар дәрігері-менеджері Кадьей Зураш «QazBioPharm» ұлттық холдингі» АҚ бас директоры және басқа да лауазымды тұлғаларымен бірге «OtarBioPharm» ЖШС биофармацевтикалық зауытына келді.

2025 жылғы 15-16 мамырда Серіктестік қызметкерлері Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринарлық институтының 120 жылдығына арналған «Қазақ ветеринария ғылымының 120 жылдығы: биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі жетістіктер мен жаңа міндеттер» атты халықаралық конференция мен көрмеге қатысты.

2025 жылғы 12 ақпанда Отар ауылдық округінің әкімдігі «15 ақпан – Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 36 жыл» толуына орай волейболдан ашық турнир ұйымдастырды.

2025 жылғы 29 қаңтарда Серіктестіктің Ғылыми-техникалық кеңесі мүшелерінің 1-ші (2025 жылы) отырысы өтті.
2024 жылғы 18 қарашада «OtarBioPharm» ЖШС биофармацевтикалық зауытында технология трансфері шеңберінде ірі қара мал, ұсақ мал, шошқа аусылына қарсы вакцина өндірісі басталды. Вакцина өндірісінің тиісті өндірістік практика стандартына (GMP) сәйкестігін бағалау мақсатында биофармацевтикалық зауытқа келген Boehringer Ingelheim Animal Health, Франция компаниясының шетелдік технологтары жұмыстарды ұйымдастырылуын, оның ішінде қабылдауды, біріктіруді, құюды, бастапқы қаптамалауды, қайталама қаптамалауды […]
2024 жылғы 28 тамызда «OtarBioPharm» ЖШС биофармацевтикалық зауытына Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының өңірлік инспекторы Ергельды Касанбаевич Сарсенбаев Қордай ауданының әкімі және әкімдіктің лауазымды тұлғаларымен бірге жұмыс сапарымен келді. Жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының өңірлік инспекторының назарына «OtarBioPharm» бас директоры З. Ершебулов биофармацевтикалық зауыт тарихы, қызметі, жетістіктері мен құрылысқа қатысты мәселелерін, сонымен қатар Биологиялық […]
Бүгін Серіктестік биофармацевтикалық зауытта жасалған шарттардың тиісті өндірістік практика стандартының (GMP) талаптарына сәйкестігін кезекті мәрте растады – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Еуразиялық Экономикалық Одақтың тиісті өндірістік практика қағидаларының талаптарына дәрілік заттар өндірісінің сәйкестігі туралы №GMP/EAEU/KZ/129-08-2024 сертификатын берді.
2024 жылғы 29 шілдеде «OtarBioPharm» биофармацевтикалық зауытына Сұлтанғазиев Т.С. – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі, Ахмед-Заки Д.Ж. – Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министрі, Календеров Н.С. – Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары, Садвакасов Н.О. – ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы, Кинаятов А.К. – ДСМ Фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту департаментінің директоры, Орумбаев Е.К. […]
09-10 сәуірде бас директордың жалпы сұрақтар жөніндегі орынбасары Сатыбалдиев А.К., Өндірістік цех басшысы Кайсенов Д.Н., жабдық жөніндегі жетекші инженер Шуленбаев Д.С. және баспасыөз хатшысы Калтаев А.М. Алматы қаласында 200-ден астам компания өкілдерінің басын қосқан Vostoc Capital компаниясымен ұйымдастырылған «Фарма Қазақстан және Орталық Азия» халықаралық конгрессі мен көрмесіне қатысты. «Фарма Қазақстан және Орталық Азия» конгресі мен […]