30 қантар, 2025

ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ

2025 жылғы 29 қаңтарда Серіктестіктің Ғылыми-техникалық кеңесі мүшелерінің 1-ші (2025 жылы) отырысы өтті.


Отырыста Серіктестіктің Ғылыми-техникалық кеңесінің жаңа құрамы бекітіліп, оның құрамына төмендегі тұдғалар кірді:
Ершебулов З.Д., бас директор, PhD (биология), кеңес төрағасы; Сатыбалдиев А.К., бас директордың жалпы сұрақтар жөніндегі орынбасары, кеңес төрағасының орынбасары;
Сатыбалдинова С.Д., уәкілетті тұлға, кеңес мүшесі; Исмагамбетов Б.М., Ғылыми-техникалық бөлімнің басшысы, кеңес мүшесі; Кайсенов Д.Н., Өндірістік цехтың басшысы, кеңес мүшесі;
Машкалова Ж.Б., Қаржы, экономика және мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы-бас бухгалтер, кеңес мүшесі; Дулатова А.С., заңгер, кеңес мүшесі;
Калыбаев Б.К., Инженерлік-техникалық және шаруашылық бөлімнің басшысыбас инженердің м.а., кеңес мүшесі; Жугунисов К.Д., БҚПҒЗИ ЖШС зертхана меңгерушісі, PhD (биология), кеңес мүшесі (келісім бойынша);
Кожамкулов Е.М., бас технолог, кеңес мүшесі; Токкарина Г.Б., Сапаны қамтамасыз ету бөлімінің GMP тәуекелдер мен өзгерістерді басқару жөніндегі менеджер, кеңес мүшесі;
Есимбекова Н.Б., Сапаны бақылау бөлімінің басшысы, кеңес мүшесі; Ахажанова И.А., Ғылыми-техникалық бөлімнің кіші ғылыми қызметкері, кеңес мүшесі;
Шоманова С.Е., Ғылыми-техникалық бөлімнің кіші ғылыми қызметкері, кеңес хатшысы.
Мұнан кейін, Ғылыми-техникалық кеңес мүшелерінің қарауынан және талқылауынан кейін ғылыми бағдарламалар бойынша 2025 жылға арналған жұмыстардың күнтізбелік жоспары және Ғылыми-техникалық кеңестің 2025 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.