АУСЫЛҒА ҚАРСЫ ВАКЦИНА ӨНДІРІСІ БАСТАЛДЫ

2024 жылғы 18 қарашада «OtarBioPharm» ЖШС биофармацевтикалық зауытында технология трансфері шеңберінде ірі қара мал, ұсақ мал, шошқа аусылына қарсы вакцина өндірісі басталды.

 

Вакцина өндірісінің тиісті өндірістік практика стандартына (GMP) сәйкестігін бағалау мақсатында биофармацевтикалық зауытқа келген Boehringer Ingelheim Animal Health, Франция компаниясының шетелдік технологтары жұмыстарды ұйымдастырылуын, оның ішінде қабылдауды, біріктіруді, құюды, бастапқы қаптамалауды, қайталама қаптамалауды және қоймаға карантиндік сақтауға беруді жоғары бағалады және өндіріске қатысты ойларын жеткізді.

Карантиндік сақтау кезеңінен кейін вакцина Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің арнайы қоймаларына жеткізіліп, 2025 жылы көктемде аусыл ауруының алдын алу мақсатында ірі қара, ұсақ мал және шошқаны вакцинациялау үшін еліміздің өңірлеріне беріледі.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІ АППАРАТЫНЫҢ ӨҢІРЛІК ИНСПЕКТОРЫНЫҢ ЖҰМЫС САПАРЫ

2024 жылғы 28 тамызда «OtarBioPharm» ЖШС биофармацевтикалық зауытына Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының өңірлік инспекторы Ергельды Касанбаевич Сарсенбаев Қордай ауданының әкімі және әкімдіктің лауазымды тұлғаларымен бірге жұмыс сапарымен келді.

Жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының өңірлік инспекторының назарына «OtarBioPharm» бас директоры З. Ершебулов биофармацевтикалық зауыт тарихы, қызметі, жетістіктері мен құрылысқа қатысты мәселелерін, сонымен қатар Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының уәкілетті тұлғасы А. Керимбаев институт қызметі туралы жеткізді.

   

ТИІСТІ ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКА ЕРЕЖЕЛЕРІНІҢ (GMP)ТАЛАПТАРЫНА СӘЙКЕСТІГІ РАСТАЛДЫ

Бүгін Серіктестік биофармацевтикалық зауытта жасалған шарттардың тиісті өндірістік практика стандартының (GMP) талаптарына сәйкестігін кезекті мәрте растады – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Еуразиялық Экономикалық Одақтың тиісті өндірістік практика қағидаларының талаптарына дәрілік заттар өндірісінің сәйкестігі туралы №GMP/EAEU/KZ/129-08-2024 сертификатын берді.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БІРІНШІ ВИЦЕ-МИНИСТРІНІҢ САПАРЫ

2024 жылғы 29 шілдеде «OtarBioPharm» биофармацевтикалық зауытына Сұлтанғазиев Т.С. – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі, Ахмед-Заки Д.Ж. – Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министрі, Календеров Н.С. – Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары, Садвакасов Н.О. – ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы, Кинаятов А.К. – ДСМ Фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту департаментінің директоры, Орумбаев Е.К. – Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасының басшысы, Оспанова Ж.М. – Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы, Құрманалы Х. – Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасарының көмекшісі, Мұхамедиева Д. М. – ҒЖБМ Ғылым комитетінің бас сарапшысы, Абдураимов Е.О. – «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ бас директоры, Рсалиев А.С. – «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ бас директорының орынбасары, Бекшин Ж.М. – «Республикалық микроорганизмдер коллекциясы» ЖШС бас директоры, Огай В. Б. – «Ұлттық биотехнология орталығы» ЖШС бас директоры (ҰБО), Скиба Ю. А. – ҰБО Алматы қ. филиалының басшысы, Остапчук Е.О. — Иммунология және иммунобиотехнология зертханасының меңгерушісі, А. К. Саданов – «Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС (МВҒӨО) бас директоры, Баймаханова Б.Б. – МВҒӨО бас директорының орынбасары, Толоконников Е.Г. – Қарағанды фармацевтикалық зауытының директоры, Шарипов К.О. – М.А. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институтының бас директоры, Жүнісова Г.С. – Генетика және физиология институтының директоры, Жеңіс Ж – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Дәрілік өсімдіктерді ғылыми-зерттеу орталығының директоры.

«OtarBioPharm» ЖШС бас директоры Ершебулов З.Д. келушілердің назарына екінші өндірістік кешенді – белсенді субстанциялар өндіру цехын, кейін иммунобиологиялық препараттар шығару жөніндегі биофармацевтикалық зауыттың өндірістік желісі мен зертханасын ұсынды.

Биофармацевтикалық зауыттың қызметімен танысқаннан кейін биофармацевтикалық ғылым мен өнеркәсіпті дамыту мәселелері талқыланды.

   

   

«ФАРМА ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНГРЕССІ ЖӘНЕ КӨРМЕСІ

09-10 сәуірде бас директордың жалпы сұрақтар жөніндегі орынбасары Сатыбалдиев А.К., Өндірістік цех басшысы Кайсенов Д.Н., жабдық жөніндегі жетекші инженер Шуленбаев Д.С. және баспасыөз хатшысы Калтаев А.М. Алматы қаласында 200-ден астам компания өкілдерінің басын қосқан Vostoc Capital компаниясымен ұйымдастырылған «Фарма Қазақстан және Орталық Азия» халықаралық конгрессі мен көрмесіне қатысты.

«Фарма Қазақстан және Орталық Азия» конгресі мен көрмесі-инвестициялық жобалар басшыларының, ірі кәсіпорындардың, билік органдарының, реттеуші-қадағалау органдарының, өндіріс технологияларының лицензиарларының, жабдықтарды әзірлеушілердің, өндірушілер мен жеткізушілердің, инжинирингтік және жобалау-құрылыс компанияларының, технологиялар мен қызметтерді жеткізушілердің қатысуымен Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және басқа да елдердің фармацевтика саласының көшбасшылары үшін бірегей кәсіби халықаралық алаң болып табылады. Іс-шара құрылыс пен өндірістік қуаттарды жаңғыртудың ірі инвестициялық жобаларын, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған фармацевтикалық өнім өндіруші кәсіпорындардың тиімділігін арттыру мүмкіндіктерін талқылауға арналған.

Конгрессте еліміздің және шет елдік жетекші фармөндірісі саласындағы компаниялар мен бірге саланы бақылаушы, олардың қызметін реттеуші органдар мен ұйымдардың өкілдері баяндамаларын жасады. Өз кезегінде Серіктестіктің құрылтайшысы QazBioPharm Ұлттық холдингінің Халықаралық ынтымақтастық, маркетинг және жылжыту департаментінің директоры Бекжігіт Әбіт холдингіге кіретін компаниялар тобын таныстырып, Серіктестіктің мүмкіндіктерін ерекше атай отырып, Холдингінің кәсіпорындары бейіні бойынша коллаборацияның кез келген түріне дайындығы туралы баяндады.

Зауыттың өндірістік жабдығының негізгі жеткізушісі Sartorius компаниясының Орталық Азиядағы аймақтық сату басшысы Элеонора Насанова елімізде, тіпті Орталық Азияда толық циклді, GMP стандартына сәйкес иммунобиологиялық өндірістің бар болуын мақтан тұтатынын білдірді.

Жалпы конгресске қатысу тиімді болды, себебі конгресс барысында көптеген фармацевтикалық жабдық өндіруші және жеткізуші компаниялар Серіктестікпен ынтымақтасуға ниет білдіріп, бастапқы келіссөздер жүргізілді.

С.Д. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ҰЙЫМДАСТЫРҒАН «БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ – 2024»

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен салынған зауыттың бірінші кешенінде жұмыс істеуші жұмыскерлердің негізгі легі ғылыми-зерттеу институтынан келген, жұмысты алып кете алатын тәжірибелі ғалым, мамандар болса, енді зауыттың 2-ші кешеніне оқуды жаңа біткен жас мамандарды тарту жоспарлануда.

Осы мақсатта ү.ж. 04 сәуірінде С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің шақыруы бойынша бас директордың жалпы сұрақтар жөніндегі орынбасары Ануар Сатыбалдиев, баспасөз хатшысы Азамат Калтаев Алматы қаласында ҚазҰМУ ұйымдастырған «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі — 2024» атты шараға қатысты. Жәрмеңкені университеттің Фармация мектебінің деканы, фармацевтика ғылымдарының докторы, профессор Зуриядда Сакипова ашты.

Жәрмеңкеге 20-дан аса ұйым қатысып, оның жартысы дәріханалық бизнес өкілдері болды. Ал, өндірістік ұйымдар арасынан қызығушылық танытылған, студенттердің басым бөлігі болашақта жұмыс істеуге тілек білдірген бірден бір ұйым – біздің биофармзауыт, яғни, OtarBioPharm ЖШС болды десек асыра айту болмайды.

Студенттердің кейбірін ғана биофармзауыттың ауылдық елді мекенде орналасқандығы тежесе, көбісі оны кедергі санамайтындығын айтты.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАМАРА ДҮЙСЕНОВАНЫҢ ЖҰМЫС САПАРЫ

2024 жылғы 29 наурызда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова Қордай ауданы Гвардейский кентіне жұмыс сапарымен келді. Сапарында Премьер-министрдің орынбасарымен бірге Қазақстан Республикасының Президентінің Ғылым және инновация мәселелері жөніндегі кеңесшісі Закарья Күнсұлу Дальтонқызы, ҚР ҚК Қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бөлімінің меңгерушісі Оразгулов Р.К., ҚР ПӘ Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісінің орынбасары Биекенов Н.А., ҚР ДСМ вице-министрі Буркитбаев Ж.К., ҚР АШМ вице-министрі Бердалин А.Б., ҚР ІІМ Күзет қызметін бақылау департаментінің басшысы Молдаханов Д.М., Жамбыл облысының әкімінің бірінші орынбасары Календеров Н.С., «QazBioPharm» ҰХ» АҚ-ның бас директоры Абдураимов Е.О., ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі Асылова Б.А. және т.б. бірге келді.

Сапар барысында делегация «OtarBioPharm» ЖШС биофармацевтикалық зауытымен, оның биологиялық субстанциялар шығаратын цехын көріп, танысты. Сапар құс тұмауына қарсы вакцина құйылған күні өтті және делегация өндіріс процессін көре алды.

Сапар соңында Тамара Дуйсенова жұмыс сапарға қатысқан органдар мен ұйымдардың өкілдеріне жиналыс өткізіп, тиісті тапсырмалар берді.

С.Д. АСФЕНДИЯРОВ ат. ҚазҰМУ СТУДЕНТТЕРІНІҢ КЕЛУІ

2024 жылдың 23 ақпанында доцент, биология ғылымдарының кандидаты Сүлейменов Марат Қамытбекұлының жетекшілігімен С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің студенттері мен оқытушылары «OtarBioPharm» ЖШС биофармацевтикалық зауытына келді. Сапардың мақсаты – отандық фармацевтикалық өндіріспен жеке танысу.

 

Зауытты көру бағдарламасына сәйкес, «OtarBioPharm» ЖШС Бас директорының орынбасары А.К. Сатыбалдиев келушілерді өндірістік желімен, сапаны бақылау зертханаларымен және су дайындау жүйесі, инспекциялық жабдық, заттаңбалау жабдығы, диспетчерлеу жүйесі және т.б. сияқты міндетті қосалқы жүйелермен және жабдықтармен таныстырды.

Білмегенді сұраудың ұяты жоқ демекші жас-студенттердің сұрақтары көп болды – «Вакцина неден жасалады?», «Зауытқа Президент шынымен келді ме?», «GMP дегеніміз не?», «Сапаны бақылау дегеніміз не?» және т. б.

Мұнан бөлек, студенттер COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы отандық QazVac вакцинасын өндірген қызметкерлермен де танысты.

Қорытындылай келе, иммунобиологиялық препараттар шығаратын отандық зауыт студенттердің ойлағандағыларынан да асып түсті деуге болады.

«THE SAY PHARMA» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ КОМПАНИЯСЫ ӨКІЛДЕРІНІҢ САПАРЫ

2024 жылғы 13 ақпанда Биофармзауытқа «QazBioPharm» Ұлттық холдингі»АҚ Халықаралық ынтымақтастық департаментінің басшысы Әбіт Бекжігіт Бегматуллаұлымен бірге «The Say Pharma» халықаралық фармацевтикалық компаниясының өкілдері келді.

Бас директор Ершебулов Закир Жапарұлы зауыттың презентациясын өткізді.

Кейін қонақтар су дайындау блогы және өндірістік желіні қарап, танысып шықты.

Зауытты айналып өткеннен кейін «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ, «OtarBioPharm» ЖШС және «The Say Pharma» өкілдері ынтымақтастық мүмкіндігіне қатысты келіссөздер жүргізді

«The Say Pharma» компаниясының ҚР-дағы өкілдігі болып табылатын «The SaaPharma» ЖШС директоры Оразханова Назгүл өзі басқаратын компания жеткізетін биопрепараттар, техника және т.б. портфолиосын тізіп-атап өтті. «The Say Pharma» өкілдерінің айтуынша, орын алған сапар танысу сипатына ие және компанияның қарауы бойынша басшылық лауазымдардағы өкілдердің келуі тиіс.

Келіссөздер аяқталғаннан кейін тараптар келешек ынтымақтастыққа үміт білдірді.

 

«АЛЬГИМЕД ТЕХНО» ЖШС ӨКІЛДЕРІНІҢ КЕЛУІ

2023 жылғы 15 тамызда «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ ұсынысы бойынша және Холдингінің Өнімдер маркетингі, жылжытылуы және экспорты басқармасының басшысы А.К. Абдрахмановпен бірге «Альгимед техно» ЖШС өкілдері — В.Е. Тремзина, А. Пазняк және М.М. Жакупова биофармзауытқа сапармен келді.

Сапардың мақсаты – биофармацевтикалық зауыттың мүмкіндіктерімен танысу және ынтымақтастық мәселелерін талқылау.

Бас директор З.Д. Ершебулов. «Альгимед техно» ЖШС өкілдерін өндірістік блокпен, технологиялық желілермен және сапаны бақылау зертханаларымен таныстырып, зауыттың құрылуы, дамуы және жетістіктері туралы айтып берді.

Сапар нәтижелері бойынша, диагностикалық тест-жүйелерді өндіру бойынша серіктестік жоспарланды.