09-10 сәуірде бас директордың жалпы сұрақтар жөніндегі орынбасары Сатыбалдиев А.К., Өндірістік цех басшысы Кайсенов Д.Н., жабдық жөніндегі жетекші инженер Шуленбаев Д.С. және баспасыөз хатшысы Калтаев А.М. Алматы қаласында 200-ден астам компания өкілдерінің басын қосқан Vostoc Capital компаниясымен ұйымдастырылған «Фарма Қазақстан және Орталық Азия» халықаралық конгрессі мен көрмесіне қатысты.
«Фарма Қазақстан және Орталық Азия» конгресі мен көрмесі-инвестициялық жобалар басшыларының, ірі кәсіпорындардың, билік органдарының, реттеуші-қадағалау органдарының, өндіріс технологияларының лицензиарларының, жабдықтарды әзірлеушілердің, өндірушілер мен жеткізушілердің, инжинирингтік және жобалау-құрылыс компанияларының, технологиялар мен қызметтерді жеткізушілердің қатысуымен Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және басқа да елдердің фармацевтика саласының көшбасшылары үшін бірегей кәсіби халықаралық алаң болып табылады. Іс-шара құрылыс пен өндірістік қуаттарды жаңғыртудың ірі инвестициялық жобаларын, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған фармацевтикалық өнім өндіруші кәсіпорындардың тиімділігін арттыру мүмкіндіктерін талқылауға арналған.
Конгрессте еліміздің және шет елдік жетекші фармөндірісі саласындағы компаниялар мен бірге саланы бақылаушы, олардың қызметін реттеуші органдар мен ұйымдардың өкілдері баяндамаларын жасады. Өз кезегінде Серіктестіктің құрылтайшысы QazBioPharm Ұлттық холдингінің Халықаралық ынтымақтастық, маркетинг және жылжыту департаментінің директоры Бекжігіт Әбіт холдингіге кіретін компаниялар тобын таныстырып, Серіктестіктің мүмкіндіктерін ерекше атай отырып, Холдингінің кәсіпорындары бейіні бойынша коллаборацияның кез келген түріне дайындығы туралы баяндады.
Зауыттың өндірістік жабдығының негізгі жеткізушісі Sartorius компаниясының Орталық Азиядағы аймақтық сату басшысы Элеонора Насанова елімізде, тіпті Орталық Азияда толық циклді, GMP стандартына сәйкес иммунобиологиялық өндірістің бар болуын мақтан тұтатынын білдірді.
Жалпы конгресске қатысу тиімді болды, себебі конгресс барысында көптеген фармацевтикалық жабдық өндіруші және жеткізуші компаниялар Серіктестікпен ынтымақтасуға ниет білдіріп, бастапқы келіссөздер жүргізілді.