ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ

2025 жылғы 29 қаңтарда Серіктестіктің Ғылыми-техникалық кеңесі мүшелерінің 1-ші (2025 жылы) отырысы өтті.
Отырыста Серіктестіктің Ғылыми-техникалық кеңесінің жаңа құрамы бекітіліп, оның құрамына төмендегі тұдғалар кірді:
- Ершебулов З.Д., бас директор, PhD (биология), кеңес төрағасы;
- Сатыбалдиев А.К., бас директордың жалпы сұрақтар жөніндегі орынбасары, кеңес төрағасының орынбасары;
- Сатыбалдинова С.Д., уәкілетті тұлға, кеңес мүшесі;
- Исмагамбетов Б.М., Ғылыми-техникалық бөлімнің басшысы, кеңес мүшесі;
- Кайсенов Д.Н., Өндірістік цехтың басшысы, кеңес мүшесі;
- Машкалова Ж.Б., Қаржы, экономика және мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы-бас бухгалтер, кеңес мүшесі;
- Дулатова А.С., заңгер, кеңес мүшесі;
- Калыбаев Б.К., Инженерлік-техникалық және шаруашылық бөлімнің басшысы-бас инженердің м.а., кеңес мүшесі;
- Жугунисов К.Д., БҚПҒЗИ ЖШС зертхана меңгерушісі, PhD (биология), кеңес мүшесі (келісім бойынша);
- Кожамкулов Е.М., бас технолог, кеңес мүшесі;
- Токкарина Г.Б., Сапаны қамтамасыз ету бөлімінің GMP тәуекелдер мен өзгерістерді басқару жөніндегі менеджер, кеңес мүшесі;
- Есимбекова Н.Б., Сапаны бақылау бөлімінің басшысы, кеңес мүшесі;
- Ахажанова И.А., Ғылыми-техникалық бөлімнің кіші ғылыми қызметкері, кеңес мүшесі;
- Шоманова С.Е., Ғылыми-техникалық бөлімнің кіші ғылыми қызметкері, кеңес хатшысы.
Мұнан кейін, Ғылыми-техникалық кеңес мүшелерінің қарауынан және талқылауынан кейін ғылыми бағдарламалар бойынша 2025 жылға арналған жұмыстардың күнтізбелік жоспары және Ғылыми-техникалық кеңестің 2025 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.

