30 июля, 2025

МОҢҒОЛИЯЛЫҚ КОМПАНИЯЛАР ӨКІЛДЕРІНІҢ ЗАУЫТҚА САПАРЫ

2025 жылғы 20 маусымда зауыт қызметімен танысу және ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылау мақсатында Моңғолиялық компаниялар өкілдері – «GDP VetLand» директоры Доржбат Уугунбаяр, «Tenuunkhishig» директоры Ганджуур Хишигжаргал және Моңғолияның бас ветеринар дәрігері-менеджері Кадьей Зураш «QazBioPharm» ұлттық холдингі» АҚ бас директоры және басқа да лауазымды тұлғаларымен бірге «OtarBioPharm» ЖШС биофармацевтикалық зауытына келді.

 

Екі жақты таныстыру және амандасудан кейін, зауыт бас директоры З.Д. Ершебулов вестибюльдегі стендтерде зауыт туралы қысқаша ақпарат берді.

 

Мұнан кейін зауыт бас директоры конақтарға зауыттың өндірістік бөлімшелері мен сапаны бақылау зертханаларын аралап көрсетті.

Зауыт инфрақұрылымы мен өндірістік блоктарды аралағаннан кейін екі жақтың өкілдері ықтимал ынтымақтастық мәселелерін талқылады.