ҚАЗҒЗВИ 120 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУ
2025 жылғы 15-16 мамырда Серіктестік қызметкерлері Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринарлық институтының 120 жылдығына арналған «Қазақ ветеринария ғылымының 120 жылдығы: биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі жетістіктер мен жаңа міндеттер» атты халықаралық конференция мен көрмеге қатысты
Конференцияға Қазақстан, Ресей, Беларусь, Грузия, Тәжікстан, АҚШ, Швейцария, Италия, Оңтүстік Корея және Қытайдан келген ветеринария және биологиялық қауіпсіздік саласындағы жетекші ғалымдар мен сарапшылар, Қазақстан Республикасы Президентінің ғылым және инновация мәселелері жөніндегі кеңесшісі, Денсаулық сақтау министрі, Ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, ғылым және жоғары білім министрліктерінің өкілдері, Парламент Мәжілісінің депутаты, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Ғылым академиясының президенті, «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ Бас директоры, халықаралық ұйымдар мен ғылыми орталықтардың өкілдері, биологиялық қауіпсіздік және ветеринария саласындағы сарапшылар, сондай-ақ институт ардагерлері қатысты.
Серіктестіктен конференцияда «Биологиялық қауіпсіздік саласындағы биотехнологиялық инновациялар: зерттеулерден коммерцияландыруға» секциясында «Сиыр шешегіне қарсы вакцина өндірісін масштабтау: негізгі кезеңдер және олардың GMP талаптарына сәйкестігі» тақырыбында Сапаны бақылау бөлімінің басшысы Н.Б. Есімбекова баяндама жасады.