30 июля, 2025

SHANGHAI UNITED CELL BIOTECH КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІНІҢ ЗАУЫТҚА САПАРЫ

2025 жылғы 23 маусымда «OtarBioPharm» ЖШС биофармацевтикалық зауытына ынтымақтастық мүмкіндігін қарастыру үшін биофармацевтикалық зауытты қарау мақсатында Shanghai United cell Biotech (ҚХР) – жоғары сапалы инновациялық және генерикалық биологиялық препараттар өндірісінің барлық циклін: зерттеу мен әзірлеуден бастап өндіріске дейін біріктіретін халықаралық биофармацевтикалық компаниясының негізін қалаушы Фрэнк Ву және компанияның басқа да мамандары, сондай-ақ Қазақстан мен Орталық Азия нарықтарындағы шетелдік компаниялар үшін консалтингілік қызметтер көрсететін NN INVEST (ҚР) компаниясының өкілдері келді.

Серіктестіктің бас директоры З.Д. Ершебулов қонақтарға зауыттың өндірістік бөлімшелері мен сапаны бақылау зертханаларын аралап көрсетті.

Кейін қытай тарапы өз компаниясының презентациясымен таныстырып, тараптар ынтымақтастық жоспарларын талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастықты жүзеге асырудың мүмкіндігі барынша жоғары екендігі туралы қорытындыға келді.