30 июля, 2025
SANOFI ӨКІЛІНІҢ ЗАУЫТҚА САПАРЫ
2025 жылғы 26 маусымда зауыттың инфрақұрылымымен және өндірістік қуатымен танысу, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылау мақсатында «OtarBioPharm» ЖШС биофармацевтикалық зауытына Sanofi франциялық трансұлттық фармацевтикалық компаниясының өңірлік өкілі Анохин Александр Сергеевич келді.
Серіктестіктің бас директоры З.Д. Ершебулов Sanofi өкіліне өндірістік блоктарды және сапаны бақылау бөлiмшелерiн көрсетті.
Сапар соңында С.А. Анохин өзінің көзбен көргені оның болжамынан әлдеқайда жоғары екенін айтып, алдағы айларда француз тарапы техникалық аудитке келетінін атап өтті.