КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ

2021 жылғы 23 маусымда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша филиалының Қордай ауданының Тіркеу және жер кадастры бөлімі «OtarBioPharm» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін тіркеді.

Кәсіпорын, «Covid-19» коронавирус пандемиясы кезінде тиісті өндірістік тәжірибенің (GMP) халықаралық стандартына сәйкес аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы иммунобиологиялық препараттар (вакциналар), оның ішінде коронавирустық инфекцияға қарсы QazVac вакцинасын шығару мақсатында құрылды. Қазiргi уақытта кәсiпорын биологиялық өнiмдердi құю және сақтау жөнiнде қызметтер көрсетедi.
Белсенді затты өндіру цехы іске қосылғаннан кейін (шамамен 2023 жылдың тамызында) және толық қуаттылыққа жеткеннен кейін, «OtarBioPharm» биофармацевтикалық зауыты Қазақстан Республикасында тиісті өндірістік тәжірибенің (GMP) халықаралық стандартына сәйкес аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы иммунобиологиялық препараттар (вакциналар), оның ішінде коронавирус инфекциясына қарсы QazVac вакцинасы шығаратын алғашқы ірі толық циклді зауыт болады.