Даму стратегиясы

Өндірістік қызмет

Зауыттың жоспарланған қызметі және дамуы

  1. Boehringer Ingelheim (Франция) жән «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ комапаниялары арасындағы ынтымақтастық туралы жасалған келісімге сәйкес ІҚМ/ұсақ мал/шошқа аусылына қарсы вакцинаның 2 түрінің 2024 жылы валидациялық серияларды өндіруді ұйымдастыру және шығару, ал 2025 жылы өнеркәсіптік өндірісінің басталуы жоспарланған. Өндіріс «OtarBioPharm» ЖШС алаңында жүзеге асырылады.
  2. Өндірісінің басталуы 2024 жылға жоспарланған тест-жүйелерді тіркеу аяқталды. Тест-жүйелер мыналарды анықтауға арналған: аусыл вирусының үш серотипіне (А, О, Азия-1)антиденелер, ІҚМ/ұсақ мал хламидиозына антиденелер.
  3. Orion (Финляндия) компаниясымен жүрек жеткіліксіздігіне қарсы «Левосимендан» препаратының өндірісін «OtarBioPharm» алаңында ұйымдастыру бойынша келіссөздер жүргізілуде, өндірісті 2025 жылы бастау жоспарлануда.

«OtarBioPharm» ЖШС иммунобиологиялық препараттарды шығару бойынша биофармацевтикалық зауыт (BSL – 3) базасында субстанциялар шығару бойынша екінші өндірістік корпус-цех құрылысының барысына тәуелсіз мониторинг жүргізеді. Құрылыс туралы ескертулері көрсетілген есептер апта сайын «QazBioPharm» ҰХ» АҚ-ға жіберіледі. Құрылыс пен жабдықтарды монтаждауды аяқтаудың жоспарланған мерзімдері – ағымдағы жылдың сәуірі, технологиялық және зертханалық жабдықтарды валидациялауды аяқтау – 2024 жылдың тамызы. Нысан зауыттық кешенде пайдалануға берілгеннен кейін иммунобиологиялық препараттардың өнеркәсіптік өндірісінің толық циклін орындау мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.

Ғылыми қызмет.

«OtarBioPharm» ЖШС 2022 жылдан бастап ғылыми және ғылыми-техникалық қызметпен айналысуға аккредиттеу туралы куәлік негізінде ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асырады.

2022-2023 жылдар кезеңінде «OtarBioPharm» ЖШС «НИСХИ» штаммынан қой шешегіне қарсы вакцина өндірісін масштабтау және оңтайландыру», «Құс тұмауы вирусына қарсы вакцина өндірісін масштабтау және оңтайландыру», «Lactobacillus Acidophilus лактобактериялары негізінде пробиотикалық препарат дайындау технологиясын әзірлеу» бастамашыл жобалары бойынша ғылыми жұмыстар жүргізілді. Орындалған ғылыми жобалардың нәтижелері бойынша 3 ғылыми мақала жарияланып, пайдалы модельге 1 патент алынды.

2023 жылдың қыркүйегінен бастап «OtarBioPharm» ЖШС «QazBioPharm» Ұлттық холдингінің биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы Ғылым және жоғары білім министрлігімен шарт бойынша іске асыратын бірыңғай ғылыми-техникалық жобаның қатысушысы болып табылады.