Басшылық

Бас Директор – Ершебулов Закир Жапарұлы

Білімі
2005 жылы Қырғыз аграрлық университетін тәмамдаған, 2015 жылы И. Арабаев атындағы ҚМУ магистратурасын (биология), 2022 жылы биология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады.
2006-2010 жылдары – – Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының (БҚПҒЗИ) сырттай аспирантурасында оқыған (ешкі шешек вирусының иммунобиологиялық қасиеттерін бақылау және зерттеу)

Жұмыс тәжірибесі
2006-2007 жылдары – БҚПҒЗИ аға зертханашысы;
2007-2010 жылдары – БҚПҒЗИ кіші ғылыми қызметкері;
2010-2015 жылдары – БҚПҒЗИ ғылыми қызметкері;
2015-2019 жылдары – БҚПҒЗИ Сапаны қамтамасыз ету бөлімі басшысы;
2019-2021 жылдары – БҚПҒЗИ Сапа басқармасының басшысы;
2021 жылдан бастап – «OtarBioPharm» ЖШС директоры.

Ғылыми жобаларға қатысу
2006 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін адам мен жануарлардың түрлі ауруларын зерделеу, мониторингілеу және оларға қарсы алдын алу құралдарын әзірлеу бойынша ғылыми-техникалық бағдарламалардың, жобалардың, оның ішінде халықаралық жобалардың орындаушысы, жауапты орындаушысы және бірлескен жетекшісі болды.

Тағылымдамалары және біліктілігін арттыруы
2007 ж. – «Қой катаральды қызба вирусын оқшаулау, өсіру, тазарту және зертханалық диагностикалау әдістерін игеру», Ветеринариялық вирусология және микробиология ҒЗИ, Покров қ., РФ.
2008 ж. – «Қазақстанда техникалық реттеу жүйесі мен менеджмент жүйесін дамыту және жетілдіру мәселелері», Қазақ стандарттау және сертификаттау институты, Алматы қ., ҚР.
2008 ж. – «Интеграция және инновация-2008», ТМД жас ғалымдарының Халықаралық жазғы мектебі, Новосибирск қ., РФ.
2008 ж. – «А/H5N1 тұмауы вирусын өсіру параметрлерін зерттеу және әдістерін игеру», РМҒА «Тұмау ҒЗИ» ММ, Санкт-Петербург қ., РФ.
2012 ж. – «Тұмауға қарсы культуралық вакциналарды өндіру бойынша халықаралық тренинг», Юта штатының университеті, Логан қ., АҚШ.
2015 ж. – «Дәрілік заттардың сапасын қамтамасыз ету 2015», 6-шы сапа фармацевтикалық апталығы, Тбилиси қ., Грузия.
2017 ж. – «Дәрілік заттардың сапасын қамтамасыз ету», 8-ші сапа фармацевтикалық апталығы, Батуми қ., Грузия.

Ғылыми және өндірістік қызметінің нәтижелері
Шетелдік, республикалық журналдарда және халықаралық конференциялар жинақтарында жарияланған 76-дан астам ғылыми жұмыстардың авторы.
Вакциналық препараттарға арналған 4 НТҚ жиынтығының тең авторы.
Өнертабысқа 20 авторлық куәлік және вирустарды өсіру бойынша 6 зертханалық регламенті бар.

Бас директордың жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары – Сатыбалдиев Ануар Қыдырұлы, Автоматтандыру және басқару, жұмыс тәжірибесі 20 жыл

HR-менеджер – Қалтаев Азамат Мұхтарұлы, лингвист, жұмыс тәжірибесі 12 жыл

Бас технолог – Тәжікен Сәбит Бекежанұлы, инженер технолог, биология, өндірістегі жұмыс тәжірибесі 20 жыл

Бас бухгалтер – Машкалова Жанар Бауыржанқызы, қаржы және кредиттер, жұмыс тәжірибесі 16 жыл

Өндірістік цехтың басшысы – Қайсенов Дастан Назбекұлы, биология магистрі, жұмыс тәжірибесі 14 жыл

Сапаны қамтамасыз ету бөлімінің басшысы – Токкарина Гаухар Базарлықызы, а/ш өнімдерін стандарттау және сертификаттау инженер-сарапшысы, жұмыс тәжірибесі 14 жыл

Бас инженер – Зейнольдин Серік Бақытұлы, инженер-электрик, жұмыс тәжірибесі 30 жылдан астам