«ФАРМА ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНГРЕССІ ЖӘНЕ КӨРМЕСІ

09-10 сәуірде бас директордың жалпы сұрақтар жөніндегі орынбасары Сатыбалдиев А.К., Өндірістік цех басшысы Кайсенов Д.Н., жабдық жөніндегі жетекші инженер Шуленбаев Д.С. және баспасыөз хатшысы Калтаев А.М. Алматы қаласында 200-ден астам компания өкілдерінің басын қосқан Vostoc Capital компаниясымен ұйымдастырылған «Фарма Қазақстан және Орталық Азия» халықаралық конгрессі мен көрмесіне қатысты.

«Фарма Қазақстан және Орталық Азия» конгресі мен көрмесі-инвестициялық жобалар басшыларының, ірі кәсіпорындардың, билік органдарының, реттеуші-қадағалау органдарының, өндіріс технологияларының лицензиарларының, жабдықтарды әзірлеушілердің, өндірушілер мен жеткізушілердің, инжинирингтік және жобалау-құрылыс компанияларының, технологиялар мен қызметтерді жеткізушілердің қатысуымен Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және басқа да елдердің фармацевтика саласының көшбасшылары үшін бірегей кәсіби халықаралық алаң болып табылады. Іс-шара құрылыс пен өндірістік қуаттарды жаңғыртудың ірі инвестициялық жобаларын, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған фармацевтикалық өнім өндіруші кәсіпорындардың тиімділігін арттыру мүмкіндіктерін талқылауға арналған.

Конгрессте еліміздің және шет елдік жетекші фармөндірісі саласындағы компаниялар мен бірге саланы бақылаушы, олардың қызметін реттеуші органдар мен ұйымдардың өкілдері баяндамаларын жасады. Өз кезегінде Серіктестіктің құрылтайшысы QazBioPharm Ұлттық холдингінің Халықаралық ынтымақтастық, маркетинг және жылжыту департаментінің директоры Бекжігіт Әбіт холдингіге кіретін компаниялар тобын таныстырып, Серіктестіктің мүмкіндіктерін ерекше атай отырып, Холдингінің кәсіпорындары бейіні бойынша коллаборацияның кез келген түріне дайындығы туралы баяндады.

Зауыттың өндірістік жабдығының негізгі жеткізушісі Sartorius компаниясының Орталық Азиядағы аймақтық сату басшысы Элеонора Насанова елімізде, тіпті Орталық Азияда толық циклді, GMP стандартына сәйкес иммунобиологиялық өндірістің бар болуын мақтан тұтатынын білдірді.

Жалпы конгресске қатысу тиімді болды, себебі конгресс барысында көптеген фармацевтикалық жабдық өндіруші және жеткізуші компаниялар Серіктестікпен ынтымақтасуға ниет білдіріп, бастапқы келіссөздер жүргізілді.

С.Д. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ҰЙЫМДАСТЫРҒАН «БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ – 2024»

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен салынған зауыттың бірінші кешенінде жұмыс істеуші жұмыскерлердің негізгі легі ғылыми-зерттеу институтынан келген, жұмысты алып кете алатын тәжірибелі ғалым, мамандар болса, енді зауыттың 2-ші кешеніне оқуды жаңа біткен жас мамандарды тарту жоспарлануда.

Осы мақсатта ү.ж. 04 сәуірінде С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің шақыруы бойынша бас директордың жалпы сұрақтар жөніндегі орынбасары Ануар Сатыбалдиев, баспасөз хатшысы Азамат Калтаев Алматы қаласында ҚазҰМУ ұйымдастырған «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі – 2024» атты шараға қатысты. Жәрмеңкені университеттің Фармация мектебінің деканы, фармацевтика ғылымдарының докторы, профессор Зуриядда Сакипова ашты.

Жәрмеңкеге 20-дан аса ұйым қатысып, оның жартысы дәріханалық бизнес өкілдері болды. Ал, өндірістік ұйымдар арасынан қызығушылық танытылған, студенттердің басым бөлігі болашақта жұмыс істеуге тілек білдірген бірден бір ұйым – біздің биофармзауыт, яғни, OtarBioPharm ЖШС болды десек асыра айту болмайды.

Студенттердің кейбірін ғана биофармзауыттың ауылдық елді мекенде орналасқандығы тежесе, көбісі оны кедергі санамайтындығын айтты.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАМАРА ДҮЙСЕНОВАНЫҢ ЖҰМЫС САПАРЫ

2024 жылғы 29 наурызда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова Қордай ауданы Гвардейский кентіне жұмыс сапарымен келді. Сапарында Премьер-министрдің орынбасарымен бірге Қазақстан Республикасының Президентінің Ғылым және инновация мәселелері жөніндегі кеңесшісі Закарья Күнсұлу Дальтонқызы, ҚР ҚК Қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бөлімінің меңгерушісі Оразгулов Р.К., ҚР ПӘ Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісінің орынбасары Биекенов Н.А., ҚР ДСМ вице-министрі Буркитбаев Ж.К., ҚР АШМ вице-министрі Бердалин А.Б., ҚР ІІМ Күзет қызметін бақылау департаментінің басшысы Молдаханов Д.М., Жамбыл облысының әкімінің бірінші орынбасары Календеров Н.С., «QazBioPharm» ҰХ» АҚ-ның бас директоры Абдураимов Е.О., ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі Асылова Б.А. және т.б. бірге келді.

Сапар барысында делегация «OtarBioPharm» ЖШС биофармацевтикалық зауытымен, оның биологиялық субстанциялар шығаратын цехын көріп, танысты. Сапар құс тұмауына қарсы вакцина құйылған күні өтті және делегация өндіріс процессін көре алды.

Сапар соңында Тамара Дуйсенова жұмыс сапарға қатысқан органдар мен ұйымдардың өкілдеріне жиналыс өткізіп, тиісті тапсырмалар берді.

С.Д. АСФЕНДИЯРОВ ат. ҚазҰМУ СТУДЕНТТЕРІНІҢ КЕЛУІ

2024 жылдың 23 ақпанында доцент, биология ғылымдарының кандидаты Сүлейменов Марат Қамытбекұлының жетекшілігімен С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің студенттері мен оқытушылары «OtarBioPharm» ЖШС биофармацевтикалық зауытына келді. Сапардың мақсаты – отандық фармацевтикалық өндіріспен жеке танысу.

 

Зауытты көру бағдарламасына сәйкес, «OtarBioPharm» ЖШС Бас директорының орынбасары А.К. Сатыбалдиев келушілерді өндірістік желімен, сапаны бақылау зертханаларымен және су дайындау жүйесі, инспекциялық жабдық, заттаңбалау жабдығы, диспетчерлеу жүйесі және т.б. сияқты міндетті қосалқы жүйелермен және жабдықтармен таныстырды.

Білмегенді сұраудың ұяты жоқ демекші жас-студенттердің сұрақтары көп болды – «Вакцина неден жасалады?», «Зауытқа Президент шынымен келді ме?», «GMP дегеніміз не?», «Сапаны бақылау дегеніміз не?» және т. б.

Мұнан бөлек, студенттер COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы отандық QazVac вакцинасын өндірген қызметкерлермен де танысты.

Қорытындылай келе, иммунобиологиялық препараттар шығаратын отандық зауыт студенттердің ойлағандағыларынан да асып түсті деуге болады.

«THE SAY PHARMA» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ КОМПАНИЯСЫ ӨКІЛДЕРІНІҢ САПАРЫ

2024 жылғы 13 ақпанда Биофармзауытқа «QazBioPharm» Ұлттық холдингі»АҚ Халықаралық ынтымақтастық департаментінің басшысы Әбіт Бекжігіт Бегматуллаұлымен бірге «The Say Pharma» халықаралық фармацевтикалық компаниясының өкілдері келді.

Бас директор Ершебулов Закир Жапарұлы зауыттың презентациясын өткізді.

Кейін қонақтар су дайындау блогы және өндірістік желіні қарап, танысып шықты.

Зауытты айналып өткеннен кейін «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ, «OtarBioPharm» ЖШС және «The Say Pharma» өкілдері ынтымақтастық мүмкіндігіне қатысты келіссөздер жүргізді

«The Say Pharma» компаниясының ҚР-дағы өкілдігі болып табылатын «The SaaPharma» ЖШС директоры Оразханова Назгүл өзі басқаратын компания жеткізетін биопрепараттар, техника және т.б. портфолиосын тізіп-атап өтті. «The Say Pharma» өкілдерінің айтуынша, орын алған сапар танысу сипатына ие және компанияның қарауы бойынша басшылық лауазымдардағы өкілдердің келуі тиіс.

Келіссөздер аяқталғаннан кейін тараптар келешек ынтымақтастыққа үміт білдірді.

 

«АЛЬГИМЕД ТЕХНО» ЖШС ӨКІЛДЕРІНІҢ КЕЛУІ

2023 жылғы 15 тамызда «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ ұсынысы бойынша және Холдингінің Өнімдер маркетингі, жылжытылуы және экспорты басқармасының басшысы А.К. Абдрахмановпен бірге «Альгимед техно» ЖШС өкілдері – В.Е. Тремзина, А. Пазняк және М.М. Жакупова биофармзауытқа сапармен келді.

Сапардың мақсаты – биофармацевтикалық зауыттың мүмкіндіктерімен танысу және ынтымақтастық мәселелерін талқылау.

Бас директор З.Д. Ершебулов. «Альгимед техно» ЖШС өкілдерін өндірістік блокпен, технологиялық желілермен және сапаны бақылау зертханаларымен таныстырып, зауыттың құрылуы, дамуы және жетістіктері туралы айтып берді.

Сапар нәтижелері бойынша, диагностикалық тест-жүйелерді өндіру бойынша серіктестік жоспарланды.

QazCovid-In коронавирусына қарсы қазақстандық вакцина

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша отандық ғалымдар Кви-мен күресте жоғары нәтижелер мен тиімділік көрсеткен QazVac брендімен шығарылатын QazCovid-In коронавирусына қарсы қазақстандық вакцинаны әзірледі.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында КВИ-ге қарсы отандық вакцинаның тиімділігі туралы айтқан болатын.

«Пандемия бүкіл әлемде әлі де жойылмайды. Күн сайын мыңдаған азаматтарымыз ауырады, көбісі өмірден өтеді. Біз уақытты ысырап етпестен пандемиямен күресу үшін дереу шаралар қабылдадық. Қазақстан-коронавирусқа қарсы вакцина жасаған әлемдегі санаулы мемлекеттердің бірі. Біздің вакцина тиімді және қауіпсіз екендігінде күмән жоқ. Қазір QazVac басқа елдерге қызығушылық танытуда», – деді Қазақстан Президенті.

Айта кету керек, бүкіл әлемде вакцинация COVID-19 пандемиясымен күресудің жалғыз тиімді құралы ретінде танылған. Вакцинаның арқасында ғана ұжымдық иммунитетті қалыптастырып, өмірдің бұрынғы ырғағына оралуға болады. Ғалымдар мен дәрігерлер вакцинацияланғандардың коронавирусты әлдеқайда аз жұқтыратынын, тіпті бұл жағдайда да ауру ауыр асқынулар мен өлім-жітімсіз болатынын айтады. Вирус үнемі өзгеріп отыратындығын ескере отырып, азаматтар иммундауды неғұрлым тез өткізсе, соғұрлым қауіпті аурудың таралуын сақтап, тоқтата алады.

Мемлекет басшысы Otarbiopharm иммунобиологиялық препараттар биофармацевтикалық зауытында болды

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жамбыл облысына жұмыс сапары Қордай ауданының Гвардейск кентінде орналасқан биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты жанындағы QazVac вакциналарын шығаратын биофармацевтикалық зауыттың қызметімен танысудан басталды.

Президентке вакциналар өндірісінің технологиялық желісі, зертханалық жабдықтар мен жылжымалы реакторлар көрсетілді.Институттың бас директоры Күнсұлу Закария биологиялық қауіпсіздік проблемалары ҒЗИ-ін одан әрі дамыту жоспарлары туралы баяндады.

Зауыт тиісті өндірістік практиканың халықаралық стандарты (GMP) бойынша иммундық-биологиялық дәрілік препараттарды, оның ішінде коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаны, тұмауға, туберкулезге, бруцеллезге, нодулярлық дерматитке және басқа да инфекциялық ауруларға қарсы вакцинаны шығаратын болады.Жыл сайын биофармацевтикалық препараттардың 30-60 миллион дозасын өндіру жоспарлануда. Жобаның жалпы құны-15,6 миллиард теңге.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа 16 қыркүйекте 100 мың доза көлемінде өнеркәсіптік құю іске қосылғанын айтты.ТМД елдерінің ішінде тек Қазақстан мен Ресей ғана Covid-19-ға қарсы вакциналар өндірісін жолға қойды.Зауыт қызметкерлерімен әңгіме барысында Қазақстан Президенті жобаның маңыздылығын атап өтіп, отандық вакцинаның коронавируспен күреске және халықтың денсаулығын нығайтуға елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.

«OtarBioPharm» ЖШС тіркеу

2021 жылдың 23 маусымында Қордай ауданының «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша филиалының тіркеу және жер кадастры бөлімі» OtarBioPharm «жауапкершілігі шектеулі серіктестігін тіркеді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрылтайшысы болып табылады.

«OtarBioPharm» ЖШС басшысы болып Ершебулов Закир Жапарұлы тағайындалды

«OtarBioPharm» биофармацевтикалық зауыты іске қосылып, толық қуатына шыққаннан кейін тиісті өндірістік практиканың (GMP) халықаралық стандарты бойынша аса қауіпті инфекциялық ауруларға қарсы иммундық-биологиялық препараттарды (вакциналарды), оның ішінде QazVac коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналарды шығару бойынша Қазақстан Республикасындағы толық циклдағы бірінші ірі зауыт болады.

ҚР Тәуелсіздігі: мемлекеттің қалыптасуы мен дамуына 30 жыл

1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің №1008-XII қаулысымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы»Конституциялық заң қабылданды. Кіріспеде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі Қазақстан халқының еркін білдіре отырып, Адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясында, халықаралық құқықтың өзге де жалпыға бірдей танылған нормаларында бекітілген жеке адамның құқықтары мен бостандықтарының басымдығын мойындай отырып, қазақ ұлтының өзін-өзі айқындау құқығын растай отырып, азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құруға бел байлай отырып, бейбітсүйгіш сыртқы саясатты жүзеге асыра отырып, өзінің ядролық қаруды таратпау қағидатын және қарусыздану үдерісін ұстанатыны туралы мәлімдей отырып, Қазақстан Республикасының

«ҚР Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданғаннан кейін Президент пен Үкіметтің алдында еліміздегі экономикалық және саяси жағдайларды қалыпқа келтіру міндеті тұрды. Мемлекеттік рәміздерді бекіту, тәуелсіз институттар құру, өз валютасын енгізу, азаматтардың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатының нашарлауына жол бермеу және т. б.

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) толық құқықты мүшесі, сондай-ақ Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ), Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ), Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД), Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО), Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) және басқа да ұйымдардың қатысушысы болды.